Bugin

Петропавлда 3 адам жұмбақ жағдайда қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: polisia.kz

Петропавлдың Жұмысшылар ауылында үш кісі қаза тапты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Qazaqstan Media парақсына сілтеме жасап хабарлайды.

Бейресми мәліметте, 28 желтоқсанда Жұмысшылар ауылындағы үйлердің бірінен үш адамның мәйіті табылған. Күйеуі, әйелі және олардың кәмелетке толмаған ұлы мерт болған.  Жанұяның жерлеу қызметіне байланысты кәсіптері болған.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жан түршігерлік қылмысқа күдіктілердің дереу ұсталғанын хабарлады.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі:

"Полицейлер жедел түрде Петропавл қаласының екі тұрғынын анықтап, ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", деп хабарлады.