Bugin
Фото: syl.ru
24 жастағы америкалық солдат пен 18 жастағы француз қызының арасындағы сезімді соғыс құртады. Соғыстың кесірінен ажыраған жұп 75 жылдан соң табысқан. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі kun.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Біздің кейіпкеріміз, жас америкалық Трой Роббинс бақытты сарбаздардың бірі болды. Ол әдемі де сымбатты француз қызына ғашық болады. Олар мәңгілік бақытты өмір сүруге және өлім оларды ажыратпайынша ешқашан ажыраспауға ант етеді. Бірақ бөмірде бәрі адамдар айтқандай бола бермейді. Тағдырдың да өз жоспарлары бар. Бөлінуді бірлікке айналдыру үшін оларға 75 жыл қажет болды. Бірақ осы уақыт ішінде сезім оты өшпеді.
Олар Бриде, Францияда кездескен. Роббинс онда демалысқа келген. Ғашықтар әртүрлі тілде сөйлейтін. Бір-бірінің не айтып жатқанын түсінбейтін. Бірақ бұл олардың арасындағы қарым-қатынасқа кедергі болмады. Кейде сыртқы көріністер, іс-әрекеттер және нақты өрнектер сөзден гөрі жақсы мағынаға ие болатынын бәрі біле бермейді. Олар Роббинстің әскери демалысын болашаққа жоспар құрумен өткізді.
Демалыс біткен кезде Роббинс сүйіктісіне тек фотосурет қалдырып, майданға кетті. Онда «Мен міндетті түрде қайтып ораламын, сені алып кетемін» деген сөздер жазылған.
Оның орнына Гани уақытты пайдаланып, ағылшын тілін үйрене бастады. Өйткені ол бұл тілді меңгермей, өзінің болашақ өмірін құра алмайтынын жақсы білген. Бірақ Роббинс сол күйі қайта келмеген.
Соғыстан кейін еліне аттанған бозбала тағы бір қызбен танысып, 70 жыл бірге тұрады. Әрине, Гани де мүмкіндігінше армандарын орындады. Тұрмысқа шығып, фамилиясын ауыстырып, бес баланың анасы атанған. Екеуінің де жұбайы қайтыс болады.
Роббинс өмірі қаншалықты мәнді әрі жарқын өтсе де, француз қызына деген махаббатын ұмытқан емес. Ол 75 жыл бойы ғашығының суретін сақтап, өмірінің соңына дейін ескі естеліктерімен өмір сүрді. Роббинс әйел өлді деп ойлағандықтан табуға тырыспаған.
Бірде Роббинс журналистерге осы махаббат хикаясы туралы айтып береді. Содан кейін мейірімді адамдар соғыс ардагері ғашық болған әйелді тауып алып, кездесуді ұйымдастырған. Ол үшін ғашықтар алғаш кездескен жерден қарттар үйі таңдалады.
Олар бір-бірін бірден таныды. Олардың қуанғаны сонша, барлығы өз тілінде сөйлей бастаған. Бірақ ер адам бұл жолы қайта ораламын деп тағы да Франциядан кетіп қалған.