Bugin

Ер адам мектеп ауласында өзіне қол жұмсаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: qalampir.uz

Ташкентте 31 жастағы ер адам мектеп ауласында асылып қаза тапқан. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Өзбекстан Бас прокуратураның баспасөз хатшына сілтеме жасап хабарлайды.

Мүрде 28 желтоқсанда шамамен сағат 07:45-те Ұлықбек ауданы, №248 мектептің артынан табылған. 1992 жылы туған ер адам өзін-өзі ағашқа асып өлтірген.

Тергеу мәліметтері бойынша, марқұм психиатриялық диспансерде есепте тұрған, бұған дейін де бірнеше рет өз-өзіне қол жұмсаған.

Қазіргі таңда Мирзо Ұлықбек аудандық прокуратурасы аталған факті бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.