Bugin

Қазақстан "Талибанды" тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Қазақстан "Талибан" қозғалысын тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығаруға шешім қабылдады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровқа сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстан тыйым салынған лаңкестік ұйымдардың ұлттық тізімін өзектілендіру мақсатында тұрақты түрде қайта қарап отырады. Осы процес аясында БҰҰ тәжірибесіне сәйкес "Талибан қозғалысын" одан шығару туралы шешім қабылданды", - деді Смадияров.

Спикердің айтуынша, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің міндетті болып табылатын қарарларына сәйкес, "Талибан" қозғалысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі террористік деп таныған ұйымдар тізіміне енбеген.

"Саяси байланыстарға келетін болсақ, Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі мен БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған шешімдер мен қарарларды әрі қарай да қатаң ұстанатынын атап өткім келеді", - деді Айбек Смадияров.