Bugin

Астана маңында қатты соққан жел жүк көліктерін жолдан ұшырып жіберді (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан үзінді

Астана қаласында ауа райы күрт нашарлады. Куәгерлер қатты желдің жүк көліктерін жолдан қалай ұшырып жібергенін видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеоға "ҚазАвтоЖол" компаниясы түсініктеме берді. Желдің жылдамдығы секундына 25 метрге жеткен.

"Желтоқсанның 28-і мен 29-ы аралығында Астана қаласын айналып өтетін Р-10 тас жолында жаңбыр жауып, ауа температурасының төмендеуінен кейін көктайғақ пайда болды. Сондай-ақ, секундына 25 метр жылдамдықпен соққан қатты желдің салдарынан бос жүк көліктері жол жиегіне шығып кетті", - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі.

Компания ауыр жүк көлігі жүргізушілеріне көмек көрсетілгенін айтты.

Видеоны осы сілтеме арқылы қарай аласыз.