Bugin
Бұрынғы министр Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты жаңа іс аясында басты сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.
Сотта екі іс қаналып жатыр. Бұрынғы министр "Дипломат" қонақүйін тартып алу және "Алтын адам шеруі" көрмесін өткізу кезіндегі билігін асыра пайдаланумен айыпталып отыр.
Прокурор Олжас Хайруллаевтың айтуынша, Арыстанбек Мұхамедиұлына Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі (қылмысты ұйымдастыру) және 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (заңсыз иелену немесе талан-таражға салу, яғни сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі көлемде жымқыру) бойынша айып тағылған.
Экс-министр сондай-ақ ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы (жауапты мемлекеттік лауазымда отырған тұлғаның ауыр салдарға алып келген қызметтік өкілеттігін асыра пайдалануы), 24-бап 3-бөлім (қылмысқа оқталу), 249-бап 1-бөлігі (рейдерлік), 250-бабында (өкілеттігін асыра пайдалану) көзделген қылмысты жасады деген күдікке ілінген.
Арыстанбек Мұхамедиұлымен бірге Алмас Нұразхан, Абай Сатыбалдин, Леонид Кочетов, Азамат Көшенов, Айым Сәдуақасова, Гүлзат Жуаспаева да сотта жауап беріп жатыр.