Bugin
Қызылжарда бүтін бір отбасын өлтіріп кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана арнасына сілтеме жасап.
Қызылжарда Париж коммунасы көшесіндегі нөмірі 81 үйде үш мәйіт табылған.
Ер адам мен әйел және олардың 17 жасар баласы қаза болған. Ерлі-зайыптылар жерлеу рәсімімен айналысатын компанияның жетекшісі болған. Оларды өлтірді деген күдікпен екі адам ұсталды. Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр.
"Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы 2 бөлігі бірінші тармағы яғни екі немесе одан да көп адам өлтіру бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерілудің біріңғай тізіліміне енгізілді. Полиция қызметкерлері екі облыс тұрғынын ізін суытпай ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды"-дейді СҚО ПД тергеу басқармасының басшысы Азат Құсайынов.