Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Алматыда отқа оранған үй-жайдың ішінде 13 жастағы жасөспірім қалып кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.
Алматы қалалық ТЖД-ның мәліметінше, оқиға 28 желтоқсан күні болған. Алатау ауданындағы "Шаңырақ-2" шағын ауданы, Жалаңтөс Баһадүр көшесіндегі үйден өрт шыққан. Ішінде 13 жастағы жасөспірім қамалып қалған.
"Өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте жеке тұрғын үйдің аумағында 60 шаршы метр аумағында үй-жайдың өртеніп жатқаны анықталды. Өрттің көршілес құрылыстарға таралу қаупі төнді. 19–МӨСБ газ-түтіннен қорғау қызметі өртті сөндіруге шұғыл оқпандар енгізіп, автоцистерналар өрт гидранттарына орнатылды. Осылайша су беру жұмыстары қамтамасыз етілді. Қабылданған шаралармен өрт сағат 12:37-де оқшауланып, 12: 52-де жойылды", - делінеді ТЖД хабарламасында.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61