Bugin

Петропавлда шенеунік зейнеткер әйелді аса қатыгездікпен өлтірген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Петропавлда шенеунік зейнеткер әйелді аса қатыгездікпен өлтірген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

Солтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің 28 жастағы қызметкері зейнеткерді өлтірген. Әйел жігіттің жалдап тұрған пәтерінің егесі болған. Ер адам 11 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Михаил Малеев Солтүстік Қазақстан облысы статистика департаментінің маманы болып жұмыс істеген әрі әйелімен бірге Петропавлда 64 жастағы зейнеткердің пәтерін жалдап тұрған. 25 мамырда ер адам зейнеткерге төлем төлеу уақытын кейінге шегере тұруды сұрайды. бірақ қарсыласады деп ойлап, өзімен бірге пышақ жасырып ала келеді. 

"Өз ұсынысын қабыл алмаған соң ер адам пышақты алып, аса қатыгездікпен зейнеткердің кеудесіне, қарын және желке тұсына бірнеше рет соққы береді. Сілтелген пышақ әбден бүлінген соң сотталушы ас үйден басқа пышақты алып келіп, алдындағы әрекетін жалғастырады", – деп қылмыстық іс материалдарынан үзінді келтіреді. 

Осыдан кейін ер адам жәбірленушінің басын аяғымен теуіп, үйге алкоголь шашып, өртеп жібереді. Өзі қашып кетеді.

Прокурор Михаил Малеевке 17 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады, ҚР ҚК-нің 99-бабына сәйкес, оның әрекеттері "ерекше қатыгездікпен өлтіру" санатына жатқызылды. Сот Малеевті 11 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады.