Bugin

Ақтөбе облысында 32 адам отырған автобус аударылып кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтөбе облысында 32 адам отырған автобус аударылып кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы "Қарабұтақ – Қостанай" тас жолының 132-ші шақырымында жолаушылар автобусы аударылып кеткен. Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ. 

Ведомство мәліметінше, Өзбекстанның 32 азаматы Т.Жүргенов ауданындағы мешітке эвакуацияланды.

"Облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға ауа райындағы өзгерісті қадағалауға, ауа райының нашарлауы және жолдардағы көлік қозғалысына енгізілген шектеулерге дер кезінде көңіл бөліп, алыс сапарға шықпауға кеңес береді"-делінген хабарламада.