Bugin

Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы елден кетуге мәжбүр болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан скриншот

Қазақстанға анасын табу үшін келген ЭддиЖан (Мұрат Севальев) елден кетуге мәжбүр болды. Ол визасыз режиммен 1 айға елге келген еді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хбарлайды.

Ол желідегі парақшасында:

"Өздеріңіздей қонақжай, мейірімді халықпен танысуға мүмкіндік бергендеріңіз үшін және қолдау танытқандарыңыз үшін мың алғыс! Мен Қазақстанның әр ұлына, қызына, анасына, әкесіне тәнтімін және ризамын!
Достар, менің визамның уақыты аяқталды, туған жерден кетуім керек, бірақ мен жақында ораламын. Мен туған анамды іздеу жұмысын тоқтатпаймын. Кеше Қазақ радиосының "Бармысың, бауырым?" хабарының редакциясына менің атымнан сот отырысына қатысуға, маған қатысты кез келген мәліметке қол жеткізуге, менің атымнан арыз, өтініш, шағым жазуға заң бойынша толық рұқсат бердім. Қазақстанға келгелі қаншалықты эмоционалды күйде болғанымды көрдіңіздер, мен үшін тым ауыр күндер болды. Нәтижесінде мен өзіме біраз уақыт бөлуді жөн көрдім, сондықтан Испанияға бірден қайтпаймын, бірер күн Таиландта боламын. Ойымды жинақтап, демалып алғым келеді",-деп жазды Мұрат.