Bugin
Фото: ДСМ баспасөз қызметі
Жаңа жыл қарсаңында республиканың перзентханаларында 191 сәби, оның ішінде 101 ұл және 90 қыз дүниеге келді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, мереке түнінде туған нәрестелердің ең көп саны Түркістан облысында тіркелді – 38 бала, екінші орында – Шымкент қаласында 23 бала дүниеге келді және Алматыда 22 отбасында сәби дүниеге келген.
Республика астанасында Жаңа жыл қарсаңында 10 бала дүниеге келді.