Bugin

Мереке күндері қанша адам жедел жәрдем қызметіне жүгінді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметі

2023 жылдың соңғы екі күнінде бүкіл ел бойынша жедел жәрдем телефон желілеріне тұрғындардан 56 мыңнан астам қоңырау келіп түскен. Ең көп қоңырау Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Медициналық көмекке жүгінген тұрғындардың қала бойынша көрсеткіші төмендегідей:

Алматы – 5800,

Алматы облысы – 5000-нан астам,

Түркістан облысы – 4600-ден астам,

Астана – 4000-нан астам,

Шымкент – 3000-нан астам қоңырау. 

Жалпы, мереке күндері бір ауысымда 1503 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді, оның 273 – і мамандандырылған (дәрігерлермен), ал 1230-ы фельдшерлік топ.