Bugin

Тоқаев Куба президентіне жеделхат жолдады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

фото: depositphotos

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Куба халқы мен президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудесты "Бостандық күнімен" құттықтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.

1 қаңтар күні Кубада Бостандық күні тойланады. 1959 жылғы революция арқасында келген жеңіс пен диктатор Фулгенсио Батистаның қашуын жергілікті халық әр жылдың басында атап өтуді ұйғарған.

Осы орайда президент Тоқаев жеделхат жолдады.

"Егемендік пен теңдікті қастерлей білген еліңіз бүгінде өзінің саяси-экономикалық тұрақтылығы мен халықаралық беделін арттыруда қомақты жетістіктерге қол жеткізуде. Осы тұста Отаныңыз баянды дамуын жалғастырып, биік мақсат-мұраттарға жете беруіне шынайы тілектеспін. Кариб бассейніндегі Қазақстанның жақын әрі сенімді серіктесі Кубамен ықпалдастығы халықтарымыздың игілігі үшін алдағы уақытта да тереңдей түсетініне кәміл сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Куба халқына құт-береке тіледі.