Bugin

Жаңа жылда Жапонияда жер сілкінісі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: NEWS9 Live

1 қаңтарда Жапонияда бірқатар ірі жер сілкіністері болды. Екі сағат ішінде елдің батыс жағалауында Исикава және Ниигата префектуралары аймағында 29 жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Жапонияның бас метеорологиялық агенттігі ақпарат таратты деп хабарлайды Bugin.kz порталы РИА Новости сайтына сілтеме жасай отырып.

Ең үлкен көрсеткіш ретінде "жер бетіне өте жақын" ошағы бар 7,6 баллдық жер сілкінісі тіркелдің. Дүмпудің негізгі бөлігінің магнитудасы 4,5-тен 5,7-ге дейін жеткен. Жер асты дүмпулері Жапонияда қабылданған жеті балдық шкала бойынша 3-тен 7-ге дейін тіркелді. Соққылардың көп бөлігі 3 және 4 балл, алты жер сілкінісі 5 балл, біреуі 2 балды көрсетті. 

Жапонияның батыс жағалауында Хоккайдоның солтүстігінен Оңтүстік Кюсюге дейін цунами қаупі жарияланды, Исикава префектурасы аймағында үлкен цунами болады деген болжам бар. Ваджима қаласының жағалауында биіктігі 50 сантиметрден 1,2 метрге дейінгі толқындар тіркелген. Әлемдегі ең ірі "Касивазаки-Карива" атом электр станциясының жанында биіктігі 0,4 метр цунами тіркелген.

Исикава префектурасындағы жер сілкінісі жүзден астам ғимаратқа зақым келтірген, кейбіреулері құлады. Үйінділердің астында адамдар болуы мүмкін. Ваджима қаласындағы ірі өрт туралы да ақпарат тарады.

Аталған жаңдайдан кейін кейін жүрдек пойыздардың қозғалысы тоқтатылды. Халықтың бір бөлігі электр жарығынан айырылған. 

Жер сілкінісінен кейін премьер-министр кеңсесінде ақпарат жинау штабы құрылды. Жапония үкіметінің басшысы Фумио Кисида адамдарды өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырды.