Bugin
Талдықорған тұрғындары жаппай төбелестен дәмхананы қиратқан видео тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Видеоға қатысты облыстық полиция департаменті түсінік берді.
Оқиға Жаңа жылды тойлау кезінде болмаған. Бірнеше күн бұрын болғаны белгілі болды.
Облыстық полицейлер жаппай төбелестің салдарынан зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.
"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.