Bugin
Фото: depositphotos.com
Үкімет биылдан бастап 9 түрлі азық-түліктің бағасын реттемейтін болды. Сауда министрлігі әлеуметтік маңызы бар өнімдердің құнын реттеуден бас тартуды кезең-кезеңімен жүргізеді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі ktk арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Келесі жылдан бастап тұз, ұн, макарон, қарақұмық, күріш, нан, сүт, картоп және жұмыртқаның бағасы қадағаланбайды. Ал 2025 жылы тағы 10 тауардың шекті бағасы алынып тасталады: сәбіз, пияз, қырыққабат, күнбағыс майы, сиыр, тауық еті, айран, сары май, сүзбе . Осылайша екі жылдан кейін түгел әлеуметтік маңызы бар тауарлардың құнын нарық өзі реттейді. "Бұл өзгеріс отандық өндірушілерді бәсекеге қабілетті қылады" дейді министрліктегілер. Ал бұл шешімнен азық-түлік бағасының одан бетер шарықтап кетпейтінін шенеуніктер осыған дейін айтқан болатын. Айтуынша, әрі кетсе бір-ақ пайызға өсуі мүмкін.