Bugin
Фото:Видеодан кадр. tengrinews.kz
Бүгін түнде мұз астына түсіп кеткен қыз құтқарылды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі AtyrauPress сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
2 қаңтар күні 00:30 шамасында Атырау қаласында орталыққа жақын Жайық жағалауында қыз баланың мұз ойылып суға түсіп кеткен. Куәгер полтицияға хабарласып, көмек сұраған. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері оқиға орнына жылдам жеткен. Мұз ойығынан басы ғана көрінген адамды полицейлер құтқаруға бірден кіріскен.
Полиция лейтенанты Жанарыс Ғапу беліне арқан жіп байлап мұз үстімен жасөспірімге қарай беттейді. Әріптесі Мерей Құрманғазы оған көмектесу үшін жіп бойымен бірге жүрді. Өзге полицейлер жағада Жанарыс Ғапуды суға батып бара жатқан қыз баламен бірге тартып шығаруға дайын тұрды. Нәтижесінде жасөспірім жағаға шығарылып жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Енді одан әрі қарай дәрігерлердің бақылауында болады. Денесі қатты суықтаған жасөспірім мән-жайды түсіндіре алмады. Жедел-тергеу тобы тиісті шараларды бастап кетті.