Bugin
Фото. depositphotos.com
Елімізде қаңтардан бастап ақша аударымдары бақыланады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер коммитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстандықтардың шотына 3 айда 100-ден аса мобильді ақша аударымы жасалса, ол құзырлы органдар тарапынан тексеріледі. Жаңа түзетулер кәсіпкерлік қызмет сипатына ие мобильді аударымдарға салық салуға бағытталған.
Премьер-министрдің орынбасары, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев:
"Егер бұл туыстар арасындағы, мүмкін әріптестер арасындағы қарапайым аударымдар болса, түсінікті. Бұл кәсіпкерлік қызметке қатысты емес, салық салынбайды. Сондықтан мұнда басты мақсат – жиі жүргізілетін аударымдарды фискализациялау", - деп толықтырды.
ЖК тіркеусіз қызмет үшін 15-тен 100 АЕК-ке дейінгі айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген. Кірістерді жасырғаны үшін – төленбеген салықтар сомасының 200% мөлшерінде айыппұл (қайталанған жағдайда – 300%). Чек бермегені үшін – 15-тен 50 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Бақылау шаралары адал салық төлеушілерге әсер етпейтініне назар аударамыз.
Бақылау шаралары қызметті тіркеусіз жүзеге асыратын немесе кірістерді жасыратын кәсіпкерлерге ғана әсер етеді.