Bugin

"Бұрқасын, көктайғақ, боран": Синоптиктер қаңтарда ауа-райы қандай болатынын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz

Елімізде қаңтар айында ауа-райы қандай болатыны белгілі болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның ауа райын қаңтарда Атлантикалық циклондар және онымен байланысты атмосфералық фронттар айқындайды. Республиканың басым бөлігінде жауын - шашын (жаңбыр, қар), солтүстік өңірлерде  қар жауады. Еліміздің аумағында бұрқасын, көктайғақ болады.  Жел 15-28 м/с дейін соғады.

3 қаңтардан бастап Қазақстанда ауа райы суық болады.  Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында суық ауа массаларының ағынымен ауа температурасы төмендейді.

Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде -3+2°С-тан -20-27°С-қа дейін, күндіз -3+2°С-тан -7-15°С-қа дейін болады.

Еліміздің орталығында және шығысында түнде 0,-8°С-тан -20-28°С-қа дейін, күндіз 0,-5°С-тан -5-18°С-қа дейін болады.

 Бірінші онкүндіктің екінші жартысында Қазақстанның солтүстік жартысында аяздың әлсіреуі болжанады: түнде -5-15°С дейін, күндіз -3-8°С дейін. Қаңтардың бірінші онкүндіктің соңында, екінші онкүндігінің басында антициклонның күшеюімен түнде температура қайтадан -18-25°С дейін төмендейді.

Еліміздің батыс өңірлерінде қаңтар айының басында ауа температурасының түнде -3+5°С-тан 0,-10°С-қа дейін, күндіз -3+7°С-тан 0,-5°С-қа дейін төмендейді.  Екінші жартысында – түнде -10-18°С-қа дейін, күндіз -3-10°C-ға дейін ары қарай төмендейді. Бірінші онкүндіктің соңында ғана күн жылынады.

Республиканың оңтүстік жартысында ауа температурасы түнде -5+5°С-тан -3-15°С-қа дейін, күндіз +5+10°С-тан -8+3°С-қа дейін ауытқиды.

Консультативтік болжамға сәйкес 2024 жылғы қаңтардың екінші және үшінші онкүндіктерінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райының жиі өзгереді. Аязды күндер мен қатар циклондар мен атмосфералық фронттардың өтуі жиілейді. Нәтижесінде қар жауады (ҚР оңтүстік жартысында жауын-шашын), бұрқасын болады. Ауа массаларының өзгеруімен көктайғақ құбылыстары, тұман байқалады.

Солтүстік-батыс антициклондардың енүімен бірнеше суық толқындар болады. Бұл күндері ауа температурасы төмендеуі мүмкін. Еліміздің солтүстік жартысында, шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде -22-30°С дейін, күндіз -12-20°С дейін; ҚР оңтүстік жартысында және батысында түнде -13-23°С дейін, күндіз -3-13°С дейін аяз болады.

Қаңтар айында Қазақстан аумағы бойынша температуралық фон климаттық нормадан 1-2°жоғары болады деп күтілуде. Жауын – шашын мөлшері ҚР басым бөлігінде норма шамасында, елдің солтүстік-батыс жартысында, ҚР оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында  нормадан көп болады деп болжануда.