Bugin
Фото: Ақорда
3 қаңтарда "Egemen Qazaqstan" газетінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлемді сұхбаты жарияланады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Ертең мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың белгілі ғалым, "Қазақ газеттері" ЖШС бас директоры Диқан Қамзабекұлына берген кең көлемді сұхбаты "Egemen Qazaqstan" газетінде жарияланады, – делінген Берік Уәлидің әлеуметтік желідегі жазбасында.
Сұхбатта еліміздің ішкі-сыртқы саясатына қатысты мәселелер, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, қаңтар қасіреті, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, АЭС құрылысы секілді өзекті тақырыптар қозғалады.
Сондай-ақ президенттің жеке өзіне қатысты да кейбір мәселелер айтылады.