Bugin

Қарағанды облысында 7 автокөлік бір-бірімен соқтығысқан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қарағанды облысында жолда 7 автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, оқиға 2 қаңтар күні сағат 13:20 шамасында болған. "Алматы-Екатеринбург" тас жолының 1353-1425 шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ.

"Аталған автокөліктер Астанадан Қарағанды облысына қарай жолды жаппай тұрып өтіп кеткен. Ошағанды кентінің маңында жолдың көрінбеу салдарынан алда келе жатқан көліктер бір-бірімен соқтығысқан", –делінген хабарламада.