Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: depositphotos.com
Атыраулық полицейлер туыстары өлді деп хабарлаған әжеге екінші өмір сыйлады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі AtyrauPress сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
31 желтоқсан күні "анам құлап қайтыс болды" деп Атырау қаласының тұрғыны полиция шақырған. Әйел жуынатын бөлмеде есінен танып, құлап жатқан. Полиция әйелдің неден қайтыс болғанын анықтауға келеді. Жедел-тергеу тобының криминалистері 1947 жылы туған әйел адамнан тіршілік белгілерін байқайды. Әйелдің тамыр соғысы бар болған. Олар дереу жедел-жәрдем шақыртқан. Осылайша, 76 жастағы әжей дәрігерлерге тапсырылды.
Есеңгіреп қалған әжейдің туыстары полицейлерге алғысын жеткізді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61