Bugin
Фото: Атырау облыстық ТЖД
Атырауда газ қосапасы жарылып, 5 адам күйік алды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведмоство мәліметінде:
"2024 жылғы 2 қаңтарда сағат 11:10-да Call орталығына Атырау қаласы, Көкарна ауылы, Көкарна көшесі мекен жайындағы тұрғын үйлердің бірінде түтін шығып жатқаны туралы қоңырау түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері шақырту орнына келген кезде газ-ауа қоспасының дүмпу орын алғаны, содан кейін 9 ш. м көлемінде қабырғаның қирауы және 140 ш. м алаңда үйдің жануы анықталды",-делінген.
Өрт сағат 12:03-те оқшауланып, сағат 12:22-де жойылған. Өрт салдарынан 5 адам күйік алып, ауруханаға жатқызылды.