Bugin

Алматыда анасы таксиде қалдырған 4 жасар қыз жоғалып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Лидер еріктілер тобы

Алматы полицейлері 4 жасар бүлдіршінге іздеу жариялады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Лидер волонтерлік ұйымына сілтеме жасап хабарлайды.

2019 жылы туған кәмелетке толмаған  Мармар Қалмақай іздестіріп жатыр.

02.01.2024 жылы сағат 20.00 шамасында 1984 жылы туған анасы  Бақытгүл мен бүлдіршін Жамбыл ауданы Үмбетәлі ауылынан Алматы қаласына жолға шығады. Олар Алматы-Бішкек тас жолында өтіп бара жатқан көлікті тоқтатқан.

Қалаға келген соң, сағат 20.49 шамасында арызданушы Райымбек және Момышұлы көшесінің қиылысында көліктен түсіп қалған. Ал  таксиде ұйықтап жатқан 4 жасар қызы қалып қойған.

Қыздың айырықша белгілері: орта денелі, қара, шашы қысқа, көзі қоңыр. Жоғалған күні қандай киімде болғаны белгісіз.