Bugin

35 жастағы мұғалім 16 жастағы оқушысын зорлағаны үшін жазаланбады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Өзбекстанның Каттақорған қаласында 35 жастағы математика пәнінің мұғалімі 16 жастағы мектеп оқушысын зорлаған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі darakchi.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жәбірленушінің әкесі «Не Молчи» қорынанан көмек сұраған.

2022 жылдың сәуір айынан бастап бойжеткен Каттақорған қаласындағы 5-ші мектептің мұғалімінің қосымша математика сабағына қатыса бастаған. 35 жастағы мұғалім кейде қосымша сабақтан кейін қызды көлігімен үйіне алып баратын болған.

Бойжеткеннің айтуынша, мұғалімі бір рет сабақ үстінде оның қолына тиіп, оғаш әрекет жасаған. Қыз басқа оқушылардан ұялғандықтан жауап бермеген. Үстіміздегі жылдың 5 мамырында мұғалім қызға оның маңайынан өтіп бара жатқанын және оны мектепке апаратынын жазған. Қыз көлікке мінген кезде мұғалім бағытты мүлде басқа жаққа бұрған. Жәбірленушіні  өз үйіне алып барып, шешіндіріп, зорлаған.

Сосын бұл туралы ешкімге айтпауды талап етіп, қызға үйленуге уәде береді. Сондай-ақ, ол түрлі видеолар мен фотосуреттерге түсіріп қорлайды. Қызды оқиға туралы біреуге айтса, «суреттеріңді таратамын» деп қорқытқан. Алайда біраз уақыттан кейін анасы қыздың бойындағы өзгерістерді байқап, не болғанын сұрағанда қыз бәрін айтып берген.

Ағымдағы жылдың 18 тамызында олар прокуратураға жүгініп, 29 тамызда сараптамаға жолдама алған. Қыздың әкесі Ресейде жұмыс істеп жүргенде мән-жайды біліп, бірден оралған. Бірақ мұғалім бұл уақытта Ресейге қашып үлгерді. Жағдайдың күрделеніп бара жатқанын түсінген ол қызды ескі видеолармен бөлісемін деп тағы да қорқытып, бәрін бейбіт жолмен шешуге болатынын жазды.

Екі рет үйленіп, келіспеушілік салдарынан екі әйелімен де ажырасқан 35 жастағы мұғалім 16 жастағы бұрынғы шәкіртіне отбасын құруды ұсынған.

10 қазан күні қыздың басынан өткен оқиғаның тергеу жұмыстарының қалай жүріп жатқанын білу үшін ІІД-не қыздың әкесі хабарласып, адвокат жалдағысы келетінін айтқан. Алайда оған қылмыстық істі қозғаудан жазбаша бас тарту берілген.

Бас тарту туралы қаулыға 27 қыркүйекте қол қойылғанымен, тергеуші жәбірленушіге хабарлау қажет деп санамаған. Оған тіпті сараптама қорытындысы да ұсынылмаған.

Сонымен қатар, сол күні түсірілген суреттерді қыздың сыныптасы әлеуметтік желіде таратқан. Кейін ол күдіктінің жиені болып шықты. Бұл туралы қыздың әкесі тергеушілерге хабарлағанымен, күдікті жазаланбады.