Bugin
Фото: depositphotos
Алматы полиция департаменті Жамбыл ауданынан Алматыға бағыттаған көлікте анасы қалдырып кеткен 4 жастағы қыздың табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Полиция мәліметінше, төрт жасар Мармар Қалмақбайдың анасы қызын Жамбыл ауданынан Алматыға келе жатқан таксиде ұйықтатып, ұмытып кеткен.
2 қаңтар сағат 20:49 шамасында анасы ұйықтап жатқан бқызын таксиде қалдырып, өзі Райымбек даңғылын бойымен Б.Момышұлы көшесіне жетпей түсіп қалған.
Таңертең Мармарды полицияға көлік жүргізушісі әкелді.
"Кішкентай қыз аман-есен табылды. Полиция Мармарды ата-анасына тапсырды", - деп хабарлады ведомствода.