Саясат
Арада 5 жыл өтті
Индонезияның Lion Air авиакомпаниясының Boeing 737 ұшағы ұшып шыққаннан кейін 10 минут ішінде радардан көрінбей кеткен. Бұл туралы Bugin.kz хабарлайды.
Жакартадан Банка аралындағы Панкалпинанг қаласына ұшқан JT-610 рейсі ұшып шыққан сәттен он минут өткен кезде жоғалып кеткен. Радардан көрінбей кеткен самолетке жергілікті билік іздеу шараларын бастап кетті.
Дәл қазір самолетте қанша жолаушы болғаны белгісіз. Дегенмен ұшаққа 189 жолаушы отыра алады деген ақпарат бар.
Lion Air – Индонезиядағы ең үлкен жекеменшік авиакомпаниялардың бірі. Оның қарамағында 100 ұшақ, оның ішінде түрлі модификациялнған Boeing 737 ұшағы және үш Airbus A330-300 лайнері бар. Жалпы саны 120 бағытқа ұшуға рұқсат бар.
Еске сала кету керек, 2013 жылдың сәуір айында Boeing 737 самолеті апатқа ұшыраған болатын. Онда барлығы 108 жолаушы отырған және бәрі де аман-есен табылған.