Bugin

ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: polisia.kz

ШҚО-да ірі жол апаты болып, 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Полиция мәліметінше, 2 қаңтар сағат 22:20 шамасында "Өскемен-Шемонаиха" автожолының 8-шақырымында, Глубокое ауданының Уварово ауылы маңында Toyota Corona Premio және Toyota Vista соқтығысқан. Салдарынан 4 адам, оның ішінде 2 жасөспірім қаза тапқан.

"Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – делінген хабарламада.

Полиция департаменті осы қайғылы апатта қаза тапқан жандардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.