Bugin

Қостанайда көшеде сүйегі табылған адамдар туралы тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Наш Костанай

Жазда Қостанайда табылған адам сүйектеріне қатысты іс тоқтатылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы  "Наш Костанай" басылымына сілтеме жасап. 

Былтыр 4 шілдеде жылу желілерін жөндеу кезінде екі адамның сүйегі табылған болатын. 5 шілдеде тағы бір қаңқа табылған. 

Адам сүйектері Мәуленова мен Дощанова көшелерінің қиылысындағы құбыры ауысып жатқан алаңнан табылды.

"4 шілдеде сағат 14:30-да "ҚЖЭК" МКК қызметкерлері Мәуленов-Досжанов көшесінің қиылысында құбырларды ауыстыру бойынша жерасты жөндеу жұмыстары учаскесінде адамның қаңқасын тапқаны туралы хабарлады", делінген полиция мәліметінде.

Аталған іс бойынша полиция бөлімі тиісті сараптамалар тағайындады. 

"Құқықбұзушылық белгілерінің болмауына байланысты іс тоқтатылды. Сараптама табылғандардың жасын анықтай алмады, олар құбырға жылынып жүрген баспанасы жоқ адамдар болуы мүмкін", - деді Қостанай облысының полиция департаменті өкілдері.