Үш спортшы жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

2024 жылдың 2 қаңтарында Ресейдің Тверь облысына қарасты шағын ауылда үш спортшының денесі табылды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Bassport.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық кикбоксинг федерациясының басшысы Олег Корниловтың мәліметінше, қайтыс болған үш спортшы да күні бүгінге дейін кәсіби түрде кикбоксингпен айналысқан.

Қайтыс болғандардың арасында кикбоксингтен Ресейдің бірнеше дүркін чемпионы Александр Малафеев, жаттықтырушы Артем Иванов және кикбоксшы Руслан Шахмарданов бар.

Марқұмдар мерт болған жерден белгісіз таблеткалар табылып, сараптамаға жіберілді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61