Bugin

"Марқұмдар 17 жаста болған": Ақтөбеде 2 жасөспірім қайтыс болған жанжал туралы тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Ақтөбеде төрт жасөспірім пышақ жарақатын алды. Жарақаттанғандардың екеуі қаза тапты.Бұл туралы Bugin.kz  тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаппай төбелестен 17 жастағы жасөспірімдер қаза тапты. Оқиға түнде болған. Төрт жасөспірім пышақ жарақатын алып қалған. Барлығын қансырап жатқан жерінен достары көпсалалы ауруханаға жеткізеді. Жарақат алғандардың екеуі ғана аман қалды. Алдын ала мәлімет бойынша, кикілжің алдымен әлеуметтік желіде басталған.

Оқиға болған маңда тұратындар қорыққанынан ештеңе айтқысы келмейтін сияқты. Полиция жаппай төбелеске 10 адам қатысқанын хабарлады. Төртеуі бірнеше пышақ жарақатымен көп бейінді ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуі клиникалық өлім жағдайында ауруханаға жеткен. Оларды құтқару мүмкін болмады.Марқұмдардың екеуі де 17 жаста еді.

Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасының бөлім басшысы Жазылбек Абдин:

"Өкінішке орай, жасөспірімдердің бірі ауруханаға түскеннен кейін екі жарым сағаттан соң жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Екінші науқас та 2006 жылы туған жас жігіт. Үлкен тамырлардың зақымдалуымен екі жамбастың бірнеше пышақ жарақаттары болды. Оны шұғыл түрде операция бөлмесіне алып кетті. Бірақ операция бөлмесінде  жүрегі тоқтап қалды”,-деді.

Қаза тапқандардың бірі Ақтөбе индустриалды-кәсіптік колледжінің студенті. Ол спорт бөлімінің 3-курс студенті. Жекпе-жек өнерінің әртүрлі түрлерімен белсенді айналысып, бірнеше рет жүлделі орындарға ие болған. Мұғалімдер үздік оқушылардың бірі жаппай төбелеске қалай қатысушы болғанын түсінбейді.

Қалған екі зардап шегушінің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, деп сендірді дәрігерлер. Біреуі әлі ауруханада, екіншісі түнде амбулаторлық емдеуге жіберілген. Төбелестің қалған алты қатысушысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторында отыр.