Bugin
Фото: t.me/sledcom04
Қараусыз қалған екі кішкентай бала жылусыз, аш хәлде үйден табылды. Төрт айлық нәрете қайтыс болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Алтай Республикасы бойынша тергеу басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы оқиға Алтай республикасының Маймин ауданы Подгорное ауылында болған. Анықталғандай, 31 желтоқсанда 21 жастағы жергілікті тұрғын кішкентай балаларын тамақсыз жылытылмайтын үйде жалғыз қалдырып, көрші ауылға кеткен.
3 қаңтар күні кешке балалардың жақын туысы отбасын тексеруге келіп, үйден 4 айлық ұл өлі күйде табылған. Екі жасар бала қатты жаураған күйде табылған.
Баспасөз хабарламасында:
"Алдын ала мәлімет бойынша, төрт айлық баланың өліміне гипотермия себеп болған. Екі жасар бала республикалық аурухананың бөлімшелерінің біріне жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетілді. Баланың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ », - деді.
Балалардың анасына абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру бойыншы қылмыстық іс қозғалды.