Bugin

Павлодарда жер опырылып, жолаушылары бар автобус ойыққа түсіп кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pavlodarnews.kz
 

Павлодар облысының Баянауыл ауданында Майқайың кенішінің оқпанының маңында жер опырылып құлады. Ішінде 4 жолаушысы бар автобус ойыққа құлап кетті. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі:

Опырылған жердің тереңдігі – 150 метр, ұзындығы – 150-200 метр, ені – жарты шақырым . Құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Автобус 4 қаңтар күні сағат 01:25 шамасында жер астына құлаған.Ведмоство: 

"Апат кезінде автобуста 4 адам болды - РЖҚБ ПВАСС Павлодар филиалының үш құтқарушысы мен жүргізуші болған.  Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ",- деп хабарлады.