Bugin

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Әлеуметтік желі

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алу бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Ол жергілікті кәсіпкерлерден 14 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілікті. Қаражат мемлекеттік сатып алу шарттарын жасауға, орындалған жұмыстар актілеріне қол қоюға және жалпы қамқорлыққа алуға жәрдемдесуге арналған.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге болмайды.