Bugin

Қазақстандық кәсіпкер сібір жарасын жұқтырған малдың етін сатқан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:depositphotos

Қазақстандық кәсіпкерге сібір жарасын жұқтырған ет өнімдерін сатқаны үшін айыппұл салынды,  деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Opennews.kz" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Талас аудандық сотында ӘҚБтК-нің 425-6. 2-6. (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша жеке кәсіпкер С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды", - делінген Талас аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сотта анықталғандай, 2023 жылдың тамыз айында ет өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпкер сібір жарасын жұқтырған етті өткізіп, сол арқылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзған, нәтижесінде адам денсаулығына зиян келтірген.

Сотта С. өз кінәсін толығымен мойындады.