Bugin

Павлодардағы апат: Кен орнынан екі адамның денесі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pavlodarnews.kz

Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің республикалық орталық штабы екі құтқарушының денесі құмнан табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлі де құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

"Өкінішке орай, ТЖД құтқарушыларының күшімен құмнан қаза тапқан екі адамның денесі табылды. Автобус табылмады, іздеу жұмыстары жалғасуда. Республикалық орталық штаб қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып, көңіл айтады. Бұл қайғылы оқиға – бәріміз үшін үлкен соққы және орны толмас қайғы", – деп жазылған хабарламада

Автобус табылмады, іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, кен орнында құтқарушылар автобусы шұңқырға түсіп кеткен еді.