Bugin

Пиротехникалық бұйымдарды сатқандарға қанша млн айыппұл салынды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Пиротехникалық бұйымдарды сатқандарға қанша млн айыппұл салынғаны белгілі болды, деп хабарлайды, Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, Ішкі істер министрлігі өткен жылдың 25 желтоқсаны мен 2024 жылдың 3 қаңтары аралығында Төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық қорғау бөлімшелері қызметкерлерімен бірлесіп “Пиротехника” жедел алдын алу іс-шарасын өткізген.  Аталған Іс-шара нарықта сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды сату фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған. Іс-шара барысында азаматтық қорғау бөліністері қызметкерлерімен бірлесіп сауда орындарында 4,5 мыңнан астам рейд жүргізілген. Пиротехникалық бұйымдардың айналымы қағидаларының 900-ден астам бұзушылығы анықталған. 

"Бұзақыларға шамамен 40 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Іс-шара барысында 12 мыңнан астам сертификатталмаған пиротехникалық бұйым тәркіленді"-делінген хабарламада.