Bugin
Жапониядағы зілзаладан 78 адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Синьхуа сайтына сілтеме жасап.
Жапонияның Исикава префектурасындағы зілзаладан 78 адам қаза тапты. Жапония премьер-министрі Фумио Кисида жер сілкінісінен кейінгі 72 сағат ішінде адамдардың өмірін құтқару және тіршілік етуге жағдай жасау бойынша жұмыс атқаруда. Уақыт өткен сайвн тірі қалғандарды табу қиындық тудырып жатыр.
Әлі де үйінді астында қалған тұрғындар саны көп болуы мүмкін. Көбі Вадзима қаласындағы үйінді астында болуы мүмкін. Ол жерде 44 адамның өлімі расталған.