Bugin
Алматы әуежайының бұрынғы президенті 8 жылға сотталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Айбол Бекмұхамбетов Алматы әуе айлағының президенті қызметінен 2018 жылдың шілдесінде кеткен.
2018 жылғы 20 желтоқсанда әуежайдың желілік полиция бөліміне әуежайдың жаңа президенті Болат Ержановтан авиакеросиннің ұрланғаны туралы хабарлама түскен.
Іс бойынша тергеу бес жылға жуық уақытқа созылды.
Сотталушылар соңғы сөзінде өздерінің кінәсіз екенін айтып, соттан әділ шешім шығаруды сұрады.
Бірақ сот шешімімен айыпталушы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.