Bugin
Түркістан облысында жол апатынан төрт адам тірідей жанып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Түркістан облысы Бәйдібек аудандық сотында төрт адам тірідей өртеніп кеткен жол апатына себепкер болған жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты.
Күдікті Nissan Pathfinder көлігін басқарған Созақ ауданы, Қызымщек ауылының 44 жастағы тұрғыны Александр Любимов болды. Күдікті жол апатынан зардап шекпеген.
Оқиға 2023 жылдың 18 тамызында болған. Түркістан облысы Бәйдібек ауданы аумағынан өтетін Ұланбел-Созақ-Шаян-Екпінді тас жолының 316-шақырымында жол апаты болды. Сағат 23:30 шамасында Nissan Pathfinder көлігінің жүргізушісі Шымкент бағытында келе жатып, қарсы бағытқа шығып кетіп, Шаян ауылына қарай бет алған Mercedes-Benz 200 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Қатты соққыдан Mercedes-Benz 200 шұңқырға құлап кетіп, артынша өртенген болатын. Жүргізуші және үш жолаушы да көліктен шыға алмаған.
Адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу барысында екінші жүрізушінің кінәсі анықталды.
Бәйдібек аудандық сот оны жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан және бес жылға бас бостандығынан айырды.