Денсаулық

Инклюзивті білім беру туралы не білеміз?

Біздің қоғам «ерекше» балаларды әлі де қабылдамайды...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Денсаулығында кемшілігі бар бүлдіршіндер мен жеткіншектерді байқамаймыз немесе барынша көңіл аудармауға тырысамыз.  Қоғам санасы оларды жоқ деп қабылдауға үйреніп кеткен. Өкінішке орай, жылдан жылға мүмкіндігі шектеулі балалардың саны артып келеді.

Осы тұста 2020 жылға дейін қабылданған қазақстандық білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруді алға қойған. Білімнің бұл түрі мүгедектігі бар балаларды мамандандырылған емес, тұрақты білім беру мекемесінде оқытуды көздеп отыр.

Инклюзивті білім беру дегеніміз не?

Инклюзивті немесе енгізілген білім беру – жалпы білім беру мектептерінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту үрдісін сипаттау үшін пайдаланылатын термин.

Инклюзивті білім беру – мүгедек пен дамуында кемістігі мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.

Мүгедектерге арналған арнайы мекемеде білім алатын бала қоғамнан оқшауланып, одан әрі дамуына зиянын тигізеді. Мұндай балалар, кез келген адам сияқты, білім алуға, тәрбиелеуге және ең бастысы, құрдастармен қарым-қатынасқа мұқтаж. Инклюзивтік білім дамушы ерекшеліктері бар балаларға стандартты жалпы білім беретін мектептерге баруға және басқа балалармен бірге білім алуға мүмкіндік береді.

Біздің қоғам «ерекше» балаларды әлі де қабылдамайды. Біз әлі де байқамаймыз... көрмейміз...