Bugin
Фото: darakchi.uz
Өзбекстанда жаңа туған нәрестені егістік алқабына тастап кеткен. Бұл оқиғаның жай-жапсары «Замон» бағдарламасында айтылды.
Белгілі болғандай, Ферғана ауданы, "Укур Арча" қожалығы аумағына кіндігі кесілмеген жаңа туған қыз баланы тастап кеткен. Күн батқанда жерді айналып жүрген азамат сәбидің даусын естіп, оған жақындай бастайды. Алғашында оны күшік деп ойлаған ер адам жақындай бергенде айқайлаған сәбиді көреді. Сәбиді көрпеге орап алған. Ер адам не істерін білмей, кенет ұлына телефон соғады. Баласы учаскелік бақылаушыға хабарласады. Инспектор ер адамнан баланы дереу көрпеге орап, орталық көшеге алып шығуын сұрайды. Жедел жәрдем де шақырылады. Алайда инспектор жедел жәрдемнен бұрын сәбиді ауруханаға жеткізеді.
"Даланы аралап, дауыс естіп, сәбиді көрдім. Әйтпесе, бір сағаттан соң қараңғыланып, иттер жеп кетер еді", - дейді сәбиді көрген азамат.
Бала қамқорлыққа алынған, бірақ ұзақ уақыт бойы суықта болғандықтан дене температурасы төмендеген. Дәрігерлер сәбидің дүниеге келгеніне бір күн болғанын айтты. Қазір ІІБ сәбидің анасын табу үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.