Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: КТК арнасы
Таразда автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол жиегіндегі көліктерді жапырып кетті. Жүргізушінің көзі ұйқыға ілініп кеткен екен. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қоғамдық көліктің бейнекамерасына жазылған видеода жүргізушінің қарсы бетке шығып бара жатқан автобусты тоқтатуға еш әрекет жасамағаны байқалады. Жол апатынан автотұрақтағы 10 жеңіл көлікке зақым келді. Адам шығыны жоқ. Автобуста 10 жолаушы болған. Жарақат алған 56 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер бірнеше қабырғасы сынған жолаушының жағдайы орташа ауыр екенін айтады. 33 жастағы жүргізушіге қатысты тергеу басталды.
Жамбыл облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Құрмет Мәжікенов:
«Автобус жүргізушісіне ҚР ҚК 345-бабымен қылмыстық іс қозғалып, Тараз қаласы басқармасында тергеу жүргізіліп жатыр»,-деді.
Оқиғаны мына сілтемеден көре аласыздар.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61