Bugin
Фото: depositphotos.com
Мас әке бір жасар қызын бесінші қабаттағы терезеден лақтырып жіберді. Сәби төрт күн бойы қар құрсауында жатып, көз жұмған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі SHOT басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Желтоқсанның 30-ы күні 30 жастағы жергілікті тұрғын әйелімен қатты жанжалдасып, ашуланып, бір жасар қызды терезеден лақтырып жіберген. Осыдан кейін ата-анасы Посадская көшесіндегі үйдің жанында аязда қар құрсауында жатқан сәбиді ұмытқан. Қыздың мәйіті 3 қаңтарда көпқабатты үйдің кіреберісінен табылған.
Әкесін полиция бірден ұстады. Ол бұрын тонау, ұрлық және алаяқтық үшін бірнеше рет сотталған. Қазір оның үстінен "Адам өлтіру" бабы бойынша іс қозғалды, ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Оқиға Ресейдің Екатеринбург қаласында орын алған.