Bugin

Синоптиктер: "Алдағы күндері -30 градусқа дейін аяз болады"

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Синоптиктер алдағы күндері ел аумағында аяз қайта күшіне енетінін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Қазгидромет" РМК 6-8 қаңтар аралығында аяз күші - 30 градусқа жетеді деп болжап отыр.

6 қаңтарда еліміздің солтүстік-батысына қалың қар түседі.

7-8 қаңтарда солтүстік-батыс, солтүстік және орталықта қалың қар жауады деп болжанған. Республиканың солтүстік жартысында жауын-шашынмен бірге көктайғақ, бұрқасын болады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

"Солтүстік-батыс антициклон арқылы суық ауа массасы еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында температураның күрт төмендеуіне әкеледі. Осылайша, түнде батыста және солтүстік-батыста аяз болып, температура - 8-25 градусқа дейін төмендейді. Ал елдің солтүстігінде -5-30 градус аяз болса,  республиканың шығысында -5-18 градусқа дейін күн суытады. Оңтүстік облыстарда түнде - 5, күндіз цельсий бағаны + 7 көрсетеді", делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.