Bugin

Петропавлда 14 жастағы оқушы қызды зорлаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Петропавлда 28 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Күдікті Петропавл қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы 1-бөлігі (он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалды сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) бойынша тіркелді", делінген хабарламада..

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу жүріп жатыр.