Bugin

Былтыр елімізде 390 мың сәби дүниеге келді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Былтыр босандыру қызметінің мамандары 388 мың босануды сәтті қабылдады, 390 мың сәби дүниеге келді, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен жылы 400 мыңға жуық әйел жүктілігі бойынша медицина қызметкерлерінің бақылауында болды. Бұл жағдайда дәрігерлер ауыр акушерлік және соматикалық асқынуларға байланысты өте ауыр жағдайдағы 1000-нан астам жүкті әйелді құтқарып қалды.

""Медициналық авиация желісі бойынша 200 ұшу орындалды, 21 әйелге жергілікті жерде операция жасалды, 190 әйел ауыр жағдайда облыстық, республикалық клиникаларға тасымалданды және құтқарылды.

Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихында алғаш рет ана өлімі көрсеткішінің 32%-ға төмендеуіне қол жеткіздік", — деп жазды ведомстводан.