Атырауда білім бөлімінің басшысы күдікке ілінді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz / Ғайнижамал Арыстанбек

Жылыой ауданы білім бөлімінің басшысы пара алды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алу фактісі бойынша "Атырау облысы Білім басқармасының Жылыой ауданының білім бөлімі" ММ бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының шешімімен ол үй қамаққа алынды.

"Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін ақпарат жариялауға болмайды" делінген Атырау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан мәліметте.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61