Bugin
Ұлттық статистика бюросы бүгін, 5 қаңтарда Қазақстан халқы туралы нақтыланған деректерді ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Бюро ақпаратында 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 014 575 адам болғаны айтылған. Оның ішінде:
қала халқы – 12 431 220 адам,
ауыл тұрғындары – 7 583 355 адам.
"2023 жылдың басынан бері халық саны 247 768 адамға өсті. Оның ішінде табиғи өсім есебінен 239 422 адамға, көші-қон есебінен 8 346 адамға өсті", - делінген хабарламада.